"EduInnovation KZ" Республикалық журналының алғашқы шығарылымы жарық көрді
«EduInnovation KZ» Республикалық журналының алғашқы шығарылымы жарық көрді
Білім беру саласындағы ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ бағытты қамтитын EduInnovation KZ республикалық журналының алғашқы шығарылымы ресми түрде жарық көргенін хабарлаймыз.
Журнал педагогтерге, зерттеушілерге және білім саласының мамандарына арналған өзекті материалдарды, әдістемелік ұсыныстарды және ғылыми-тәжірибелік мақалаларды ұсынады.
Журналдың басты мақсаты — Қазақстандағы педагогикалық тәжірибені дамытуға, білім сапасын арттыруға және жаңашыл ғылыми бағыттарды қолдауға үлес қосу.
Барлық педагогтерді, ғалымдарды, жас зерттеушілерді және сала мамандарын журналдың келесі шығарылымдарына материалдар жіберуге және бірлесіп жұмыс жасауға шақырамыз.
Толығырақ журналды «Үздік жұмыстар» бөлімінен көре аласыздар

